Бастауыш сыныптардың кезекті сынып сағатының тақырыбы: Ғарыш әлемінде.
«Табыс арсеналы» әскери-спорттық іс-шарасы
Ана күніне орай мектебімізде «Анаға тағзым - Анаға құрмет» челленджі өтті. Челлендж аясында оқушылар аналарына алғыс пен құрмет сөздерін білдіріп, отбасы құндылықтарының, махаббат пен қамқорлықтың маңыздылығын атап өтті.
Республикалық “Мағжан оқулары” ғылыми -шығармашылық байқауының облыстық кезеңіндегі
10-сыныпта «Отанды қорғау — мәртебелі мамандық» тақырыбында сынып сағаты өтті. Іс-шара барысында оқушылар әскери қызметтің маңыздылығы, патриотизм, ерлік және ел алдындағы жауапкершілік туралы әңгімелесті. Оқушылар Отан қорғаушы мамандығының маңызын талқылап, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін күзететін жандарға құрмет көрсету керектігін айтты. Сынып сағатының екінші бөлімінде Қазақстандағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау туралы әңгіме жүргізілді. Оқушылар өздерінің негізгі құқықтары мен міндеттерімен танысып, қауіпсіздік, заңды құрметтеу және өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау мәселелерін талқылады.