10-сыныпта «Отанды қорғау — мәртебелі мамандық» тақырыбында сынып сағаты өтті. Іс-шара барысында оқушылар әскери қызметтің маңыздылығы, патриотизм, ерлік және ел алдындағы жауапкершілік туралы әңгімелесті. Оқушылар Отан қорғаушы мамандығының маңызын талқылап, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін күзететін жандарға құрмет көрсету керектігін айтты. Сынып сағатының екінші бөлімінде Қазақстандағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау туралы әңгіме жүргізілді. Оқушылар өздерінің негізгі құқықтары мен міндеттерімен танысып, қауіпсіздік, заңды құрметтеу және өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау мәселелерін талқылады.
БАЛАЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА АРНАЛҒАН АЛГОРИТМ
Совет орта мектебінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында оқушыларға бұл күннің маңызы түсіндіріліп, оның әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы достықты, бейбітшілік пен келісімді білдіретіні айтылды. Жиын салтанатты әрі жылы атмосферада өтіп, дәстүрлерге құрметпен қарауға және бірлік сезімін нығайтуға ықпал етті.