17 сәуірде Петропавл қаласындағы Digital Urpaq Оқушылар сарайында «Robostart 2026» робототехника және Lego-құрастыру бойынша облыстық олимпиада өтті.

Бүгін М. Жұмабаев ауданында «Мағжан оқулары» аудандық байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша «Өлеңді мәнерлеп оқу» номинациясында жүлделі III орынды Совет орта мектебінің 10-сынып оқушысы Есембек Жания иеленді. Сондай-ақ «Ғылыми жобалар» номинациясында жүлделі III орынды 8-сынып оқушылары Ахматзянов Диаз пен Есембек Алихан жеңіп алды. Жетекшісі: Каирлина Жанерке Жумагалиевна Жүлдегер оқушыларды жетістіктерімен құттықтаймыз!
Бүгін, 23 сәуір күні, Совет орта мектебінде Ұлттық кітап күніне орай бірінші сабақ басталар алдында Мағжан Жұмабаевтың шығармаларын бірыңғай оқу ұйымдастырылды. Оқушылар мен педагогтар іс-шараға қызығушылықпен қатысып, көрнекті ақынның өлеңдерін оқып, оның шығармашылық мұрасымен танысты. Аталған акция оқу мәдениетін насихаттауға, рухани құндылықтарды дамытуға және ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға бағытталған.
22 сәуір күні 15–17 жас аралығындағы «Жас Сарбаз» қозғалысының мүшелері арасында «Батыр» аудандық спартакиадасы өтті. Біздің оқушылар жарысқа белсенді қатысып, өздерінің жоғары дайындық деңгейін, қайсарлығын және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті. Белсенді қатысушылар қатарында Раймхен Альма, Кабачек Римма, Нурмагамбетова Камила, Ахмулин Алмаз, Денисов Владимир, Бракк Даниил болды.
Жадан Станислав ерекше көзге түсіп, бірнеше сайыс түрінен жүлделі орындарға ие болды:
— «Күштік дайындық» бойынша І орын;
— «Калашников автоматын толық емес бөлшектеу» бойынша І орын;
— «Оқжатарды патрондармен жабдықтау» бойынша ІІ орын;
— «Калашников автоматын жинақтау» бойынша ІІ орын.
Жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта да табыс тілейміз!
«Кітап — бұл шын мәнінде жұмыс істейтін жалғыз уақыт машинасы". Кітап оқып отырған балаларға қарап, олардың дәл қазір басқа әлемдерді зерттеп, жанашырлықты үйреніп және өз болашағының іргетасын қалап жатқанын түсінесің. Оқу тек білім беріп қана қоймайды, ол мүмкіндіктер шекарасын кеңейтеді. Осы әлемді олармен бірге ашайық!