2026 жылғы 11 мамыр күні еліміздің астанасы — Астана қаласында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген дарынды әрі білімді оқушылардың басын қосқан қазақ тілі бойынша «Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының республикалық кезеңі өтті.
Ауданымыздың намысын Октябрьское орта мектебінің 9-сынып оқушысы Жақсылық Кәусар абыроймен қорғап, жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, білім додасында үздіктер қатарынан көрініп, жүлделі II орынды иеленді! 🥈
Бұл — табандылық пен тынымсыз еңбектің, жауапкершілік пен білімге деген ұмтылыстың жемісі. Осындай жоғары жетістіктің артында ұзақ дайындық, үлкен жігер және үздіксіз ізденіс жатыр.
Жақсылық Кәусарды және оның жетекшісі, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Нургалиева Айжан Жанғалиқызын лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жетістік алдағы асуларға бастар жарқын қадам болып, жаңа белестер мен толағай табыстарға жол ашсын!
✨ «Жарқын болашақ» — Қазақстанның талантты жастарының қолында! 🇰🇿

