Меню KDT

Новости

Главная Новости

🚲 2026 жылдың 14 мамыр күні Булаев қаласындағы «Достық» орталық саябағында білім бөлімі мен полиция бөлімінің қолдауымен жас жол инспекторларының «Қауіпсіз дөңгелек» аудандық жарысы өтті.  

 

Жарысқа ауданның білім беру ұйымдарынан 4 команда қатысты. Жас инспекторлар бірнеше кезең бойынша өз білімдері мен тәжірибелік дағдыларын көрсетті.

 

Қатысушылар саптық дайындықта бақ сынап, жол қозғалысы ережелері бойынша білімдерін тексерді, сондай-ақ велосипедті мәнерлеп жүргізу шеберлігін көрсетіп, «сегіздік», «слалом», S-тәрізді жол, «желоб», нысаналы тежеу секілді элементтерді орындады.

 

Сонымен қатар, оқушылар «Жас санитар» және «Жас реттеуші» бекеттерінде тапсырмаларды сәтті орындап, практикалық дағдыларын көрсетті және билет сұрақтарына жауап берді. Білгірлер турнирінде жол қозғалысы ережелері бойынша тест сұрақтарына жауап беріп, білім деңгейлерін дәлелдеді.

 

Ерекше қызығушылық тудырған «Қауіпсіз жол сенен басталады» бейнероликтер байқауында командалар жол қозғалысы ережелерін сақтау мен жолдағы қауіпсіздік мәдениетін насихаттайтын үгіт-насихат материалдарын шығармашылықпен ұсынды.

 

🏆 Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

 

🥇 І орын — Батыр Баян атындағы мектеп-гимназия командасы;

🥈 ІІ орын — Булаев мектеп-бөбекжай-бақша кешенінің командасы;

🥉 ІІІ орын — Қарақоға орта мектебінің командасы.

 

👏 Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларды құттықтаймыз!

 

«Қауіпсіз дөңгелек» жарысы оқушылардың жол қозғалысы ережелерін сақтауға деген жауапкершілігін қалыптастырып, жолдағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамытуға және белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеуге ықпал етеді



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено